1С:ERP дегеніміз не
1С:ERP — көпсалалы кәсіпорынды басқарудың кешенді ақпараттық жүйесі, ол қызметкерлердің жұмысын автоматтандырып, жеңілдетеді.
1С:ERP барлық негізгі салаларды қамтиды және өндірісі техникалық жағынан күрделі көпсалалы кәсіпорындарға арналған көптеген функциялар мен бағдарламалық құралдарды ұсынады.
1С:ERP: әлемдік статистика
- 7 000+ кәсіпорын ERP пайдаланады
- 1 000 000+ жұмыс орны ERP бағдарламасымен автоматтандырылған
- 20 000 000+ — клиенттер персоналының саны

1C:ERP не үшін қолданылады?
1C:ERP негізіндегі автоматтандыру барлық бөлімшенің жұмысын өзара байланыстырады. Бұл кәсіпорынды басқарудың кешенді ақпараттық жүйесін құруға, бизнес-үдерістердің ашықтығын арттыруға және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1С:ERP мына мақсаттарда қолданылады:
- өндіріс үдерісін оңтайландыру, жабдықтың жүктемесі мен ресурстармен қамтамасыз етуді ескере отырып, сенімді жұмыс кестесін құру үшін;
- моральдық тұрғыдан ескірген, бытыраңқы басқару жүйелерінен көшкенде — бірыңғай ақпараттық кеңістікте тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін;
- басқарудың барлық деңгейінде кәсіпорын жұмысының негізгі көрсеткіштерін оңай әрі ыңғайлы қадағалау үшін;
- сату, өндіріс және сатып алу жоспарларын құру мен орындауда кәсіпорын қызметтерінің келісілген жұмысы үшін;
- ақша қаражатын басқарудың тиімді жүйесін енгізу, компанияның қаржылық мақсаттарына жетудің оңтайлы жолдарын әзірлеу үшін;
- коммерциялық және логистикалық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыру, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, ақпарат алудың дәлдігі мен жеделдігін арттыру үшін;
- кәсіпорын қызметі, өзіндік құн және түсім туралы қажетті аналитика бөлінісінде сенімді деректер алу үшін.
Өнімнің артықшылықтары
Халықаралық сапа стандарттары бойынша енгізу
Технологиялық платформа және оның негізінде құрылған қолданбалы шешімдер жүйесі кез келген кәсіпорында басқару мен есепті тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Ірі корпорацияларға ыңғайлы
Бір ақпараттық базада көптеген кәсіпорын бойынша бір мезгілде есеп жүргізу.
Интернет арқылы және мобильді құрылғыларда жұмыс
iOS, Android, Windows басқаруындағы мобильді құрылғыларда жұмыс істеу мүмкіндігі.
Кез келген салаға сай келеді
Индустриялық салалық шешімдердің кең таңдауы.
Мамандандырылған шешімдердің көптігі
Бағдарламалық шешімнің масштабталуының арқасында 1C:ERP-дегі жұмысты бизнестің қажеттіліктері мен міндеттеріне дәл сәйкес ұйымдастыруға болады.
Көпплатформалылық, икемділік және ашық бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау
Жүйе операциялық жүйелер мен ДҚБЖ-нің ең кең таралған түрлерін қолдайды: Linux, Windows, Mac OS, PostgreSQL, MS SQL Server, IBM DB2, Oracle Database.
Кең серіктестік желісі
Қазақстандағы 1С — 700-ден астам серіктес.
Қауіпсіздіктің жоғары деңгейі
Жүйеде деректерге қол жеткізуді шектеу және бақылау қағидаттары іске асырылған.
Иелену құнының төмендігі және айтарлықтай экономикалық нәтиже
Шетелдік баламалармен салыстырғанда «1C:ERP» 1,5-2 есе жылдам енгізіледі және екі есе аз еңбек ресурсын қажет етеді. Лицензиялардың, жобалардың және қолдаудың құны айтарлықтай төмен. Сонымен қатар «1C:ERP» шығарылатын өнімнің өзіндік құнын және материалдық қорлардың көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Экономикалық нәтиже
Кәсіпорныңызда 1С:ERP пайдалана отырып, Сіз басқарудың кешенді ақпараттық жүйесіне ие боласыз. Ол басқарушылық шешімдерді уақтылы қабылдауды, бизнес-үдерістердің ашықтығын, сондай-ақ кәсіпорынның, жекелеген бөлімшелер мен персоналдың қызмет тиімділігін бағалауды қамтамасыз етеді.
*Тиімділік көрсеткіштері жарияланған «1С» ERP шешімдерін енгізудің 185 жобасы бойынша деректер
32%
Операциялық және әкімшілік шығыстардың қысқаруы
22%
Жабдықтың тоқтап тұру ұзақтығының қысқаруы
32%
Шығарылатын өнім көлемінің артуы
21%
Материалдық қорлар көлемінің азаюы
27%
Өндірістегі еңбек өнімділігінің өсуі
21%
Өндірістік ақаудың азаюы
23%
Қойма қорлары айналымдылығының өсуі
13%
Пайданың өсуі
23%
Тапсырыстарды орындау мерзімінің қысқаруы
9%
Шығарылатын өнімнің өзіндік құнының төмендеуі
1C:ERP мүмкіндіктері
Өндірісті басқару
- клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасы;
- жедел басқарудың икемді жүйесі;
- өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану және өзіндік құнды төмендету.
Шығындарды басқару және өзіндік құнды есептеу
- номенклатуралық шығындарды есепке алу және бөлу;
- баптар бойынша шығыстарды тіркеу және бөлу;
- өндіріске тапсырыссыз шығарылымдарға шығындарды есептен шығару;
- активтер мен пассивтерді қалыптастыру;
- өнім шығарылымының өзіндік құнын есептеу;
- өзге шығыстар мен кірістерді есепке алу;
- шығыстарды қаржылық нәтижеге бөлу.
Кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін мониторингтеу және талдау
- кәсіпорынды басқарудың кез келген кезеңінде проблемалық учаскелерді анықтау;
- қойылған мақсаттардың орындалуын бақылау;
- кәсіпорынның негізгі үдерістерінің тиімділігін көрсеткіштер арқылы талдау;
- мақсаттар құрылымын талдау;
- бизнестің ағымдағы жай-күйін бағалау;
- кәсіпорынның нысаналы көрсеткіштері бойынша деректер негізінде негізгі үдерістер бойынша оңтайлы басқарушылық шешім қабылдау.
Персоналды басқару және жалақыны есептеу
- штат кестесін жүргізу;
- жұмыс және демалыс кестелерін жүргізу;
- қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу;
- еңбекақы төлеу қорын қалыптастыру;
- қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды, жұмыстан босатуды ресімдеу;
- еңбек жағдайларының өзгерістерін көрсету;
- әскери есепті жүргізу;
- жалақыны есептеу;
- қызметкерлермен өзара есеп айырысу;
- регламенттелген кадрлық есептілікті қалыптастыру.
Клиенттермен қарым-қатынасты басқару (CRM)
- нақты сату құжаттары ресімделгенге дейінгі алдын ала сату үдерістерін регламенттеу;
- жаңа серіктестермен байланыстарды тіркеу;
- оқиғаларды жоспарлау және олар бойынша еске салғыштар алу;
- контрагенттер мен олардың қызметкерлері туралы толық байланыс ақпаратын және олармен өзара әрекеттестік тарихын сақтау;
- бизнес-үдерістер механизмін (клиентпен мәмілелер) пайдалана отырып, сату үдерісін басқару;
- аяқталмаған мәмілелерді талдау және сатып алушылармен әрі әлеуетті клиенттермен алдағы мәмілелерді жоспарлау;
- клиенттердің шағымдарын тіркеу және жедел қарау;
- менеджерлердің клиенттермен жұмыс тиімділігін талдау және бағалау.
Сатып алуды басқару
- тауар жеткізушілерін іріктеу;
- сатып алудың түрлі шарттары;
- жеткізушіден тауар қабылдаудың түрлі схемаларын қолдау;
- жеткізушілерге тапсырыстарды қалыптастырудың түрлі нұсқалары және олардың орындалуын бақылау;
- жеткізушілерге тапсырыстарды түзету және жабу;
- жеткізушілердің бағаларын мониторингтеу;
- тауар жеткізілімін ресімдеу;
- жеткізу кестелері мен төлем кестелерін жасау;
- түсімдерді түзету және жеткізушілерге қайтару.
Сатуды басқару
- сату ережелерін белгілеу: клиенттер үшін жеке немесе клиент сегменттері үшін үлгілік;
- клиенттерге коммерциялық ұсыныстар жіберу;
- клиенттердің тауар немесе қызмет сатып алу қажеттілігін көрсету;
- клиентке тауар тиеп жөнелту операцияларын көрсету;
- тауар жеткізуді ұйымдастыру;
- өткізуді түзетуді ресімдеу;
- клиенттен тауарды қайтаруды ресімдеу.
Қаржыны басқару және бюджеттеу
- қаржылық жоспарларды модельдеу;
- ақша қаражатының жұмсалуын бақылау;
- нақты және жоспарлы деректерді салыстыру;
- жылжымалы жоспарлау;
- бизнес-модельді талдау;
- бюджеттік үдеріс регламенті;
- бюджеттік үдерістің орындалуын бағалау.
Қойманы және қорларды басқару
- әртүрлі топологиядағы қоймаларды, соның ішінде үй-жайлар мен жұмыс учаскелері бөлінген қоймаларды пайдалану;
- сақтау аймақтарын қойма топтарына сәйкес бөлу (сүт, балық, балмұздақ, жиһаз және т. б.);
- жекелеген қойма операцияларын тиісті қаржылық құжаттардың ресімделуіне қарамастан ордерлермен құжаттық ресімдеу мүмкіндігі;
- қойма ұяшықтары деңгейінде тауарларды анықтамалық есепке алу;
- орналастыру мен іріктеуді оңтайландырудың түрлі стратегияларын қолдай отырып, қойма ұяшықтары деңгейінде тауарларды адрестік сақтау;
- тауарлардың ішкі орын ауыстыруын автоматтандыру;
- ішкі тұтынуды автоматтандыру;
- тауарларды құрастыру және бөлшектеу операцияларын көрсету;
- қоймалардағы тауарларды түгендеу және оның нәтижелерін көрсету;
- кассирдің мобильді жұмыс орнын пайдалана отырып, деректер жинау терминалдарын қолдау;
- тауарлардың сериялық есебі;
- қорларды басқару және қойма қалдығын ұстап тұру;
- қоймалардағы қорларды оқшау есепке алу мүмкіндігі.
Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
- пайдалану объектілерін есепке алу;
- пайдалану көрсеткіштерін есепке алу;
- жөндеу іс-шараларын есепке алу;
- пайдалану объектілерінің ақауларын тіркеу;
- жөндеу жұмыстарын жоспарлау;
- жөндеуге тапсырыстар қалыптастыру.
«1С:Документооборот 8»-пен бірге пайдалану
- тапсырмалар жасау, «1С:Документооборот 8» міндеттерін өзгерту және орындау;
- міндеттер мен үдерістердің орындалу тарихын қарау;
- бизнес-үдерістерді іске қосу және олармен жұмыс істеу;
- кез келген түрдегі файлдарды жасау, сақтау және олармен жұмыс істеу;
- электрондық хаттарды (кіріс, шығыс) қарау, жасау, өңдеу және жіберу;
- «1С:ERP Управление предприятием» құжаттарын келісу;
- «1С:Документооборот 8» құжаттары арасындағы байланыстарды қарау және қосу;
- жұмыс уақытын есепке алу бойынша күнделікті есептермен жұмыс. «1С:ERP Управление предприятием» деректерінен күнделікті есептерге нақты еңбек шығындарын қосу.
Қазынашылық
- ақша қаражатының түсімдері мен шығыстарын жоспарлау;
- қолма-қол және қолма-қол емес ақша қаражатымен операцияларды көрсету;
- ақша қаражатының болуын бақылау;
- ақша қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау;
- шетел валютасындағы ақшалай есеп айырысуларды жүргізу;
- есеп беруші тұлғалармен жұмыс;
- өзара есеп айырысуларды бақылау;
- кредиттерді, депозиттерді және қарыздарды есепке алу.
Халықаралық қаржылық есеп
- қаржылық есептің бапталатын шоттар жоспары;
- басқарушылық мақсаттар үшін немесе басқа елдердегі филиалдардың ұлттық стандарттары бойынша есептілік үшін бірнеше шоттар жоспарын пайдалану;
- есеп айырысулардың, номенклатураның, ақша қаражатының, кірістер мен шығыстардың қаржылық есеп топтарын (ГФУ) пайдалана отырып, өткізбелерді қалыптастырудың икемді ережелерін қолдану;
- өткізбе үлгілерін қолдану;
- қаржылық есептілік нысандарын дайындау үшін есеп генераторын, соның ішінде көрсеткіштері иерархиялық құрылымдағы алдын ала бапталған есеп нысандарының жиынтықтарын пайдалану;
- жеткізілетін өткізбе және есептілік үлгілерінің әдістемелік моделі негізінде есепті ұйымдастыру.
«1С:ERP Управление предприятием» функционалдық моделі
Қолданбалы шешімнің мүмкіндіктерін меңгеруге, жекелеген ішкі жүйелердің өзара әрекеттесу қағидаттары мен әдіснамасын зерделеуге арналған IDEF0 стандартындағы схемалар жиынтығы. «1С:Система проектирования прикладных решений» «1С:Предприятие 8» платформасында қолданбалы шешімдерді (конфигурацияларды) жобалауға және жобаның техникалық құжаттамасын жүргізуге арналған.

