Сипаттама
Бағдарламалық өнім мыналарға арналған:
- мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ / ОСИ);
- жай серіктестіктер (ЖС / ПТ);
- басқарушы компаниялар (БК / УК);
- сервистік компаниялар (СК);
- пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК / КСК).
«Бухгалтерия для Казахстана» конфигурациясының мүмкіндіктеріне қоса, бағдарламалық өнімнің құрамында мыналар бар:
- пәтерлердің, тұрақ орындарының, тұрғын емес үй-жайлардың (есептеу объектілерінің) меншік иелеріне қызметтер үшін төлемақыны автоматты және қолмен есептеу;

- жалпы үйлік қажеттіліктерге есептелген сомаларды таңдалған меншік иелері арасында кіреберіс, ғимарат, есептеу объектісінің түрі және т. б. бойынша бөлу мүмкіндігі;

-
- пәтерақыны әртүрлі тәсілдермен есептеу:
- есептеу параметрлері бойынша:
- аумағы бойынша (жалпы, тұрғын, жылытылатын, қосымша және басқа);
- тұрғындар саны бойынша (тіркелген, тұратын және басқа);
- қосымша есептеу объектілеріне (тұрақ орны, қосалқы үй-жай және басқа) байланысты;
- тіркелген сомамен;
- есептеу параметрлеріне пропорционал;
- тең үлестермен пропорционал;
- пайдаланушы баптаған қағидаларға сәйкес.

- есептеу объектілерінің түрлері бойынша қызметтерге әртүрлі тарифтер белгілеу;
- есептеу объектілері үшін жеке тарифтер белгілеу;
- есептеу объектілері үшін жеңілдіктер белгілеу;

- қызметтер бойынша төлемдерді тіркеу, соның ішінде төлемдерді автоматты түрде бөлу және бөгде ақпараттық төлем жүйелерінен деректер алу;

- өзара есеп айырысу үшін аванстарды берешектерге, сондай-ақ есептелген қызметтер мен объектілер арасында бөлу;
- есептеу объектілері бойынша қызметтер үшін берешекке үй кеңесінің шешімімен белгіленген пайызға немесе ҚР ҰБ қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне байланысты өсімпұлды есептеу және автоматты түрде есепке жазу, сондай-ақ өсімпұлды немесе негізгі борышты өтеу нұсқаларын іске асыру;
- пәтерлерді, тұрақ орындарын, тұрғын емес және коммерциялық үй-жайларды (есептеу объектілерін) ғимараттар мен құрылыстар бөлінісінде есепке алу мүмкіндігі, сондай-ақ әр ғимаратқа жеке ағымдағы және жинақ шотын беру мүмкіндігімен «Бір үй – бір шот» тұжырымдамасын іске асыру;

-
- қызмет алушыларға (тұрғындарға) деректерді, талдамалық ақпаратты, есептілікті ұсыну және олардан деректер алу үшін төлем жүйелерімен және мобильді қосымшалармен интеграция: «e-Knot» (https://eknot.me/); SmartOSI (https://osipt.kz/), osi.kz (https://osi.kz/), Управдом (https://osidom.kz/) сервистерімен интеграция жұмыстары жүргізілуде. Интеграция мына бөліктерді қамтиды:
- тұрғындардың өтінімдерін әкімшілендіру;
- меншік иелерінің онлайн жиналыстарын өткізу;
- сауалнама парақтарын онлайн жинау;
- төлемдерді қабылдау және т. б.;
- «Бухгалтерия для Казахстана» типтік конфигурациясының банкпен жұмыс бойынша стандартты функционалын кеңейту:
- төлем құжаттарын импорт файлынан (Клиент банка) жүктеу: кіріс және шығыс төлем құжаттарын тіркеу кезінде импорт файлының деректеріндегі кілт сөздер бойынша тиісті шоттар бойынша талдамалық баптау (шоттарды таңдау) мүмкіндігімен;
- импортталатын кіріс төлем тапсырмалары мен кіріс кассалық ордерлер негізінде төлемдерді тіркеу.
- мыналарды қалыптастыру:
- заңнама талаптарына сәйкес белгіленген үлгідегі кондоминиум объектісін басқару және ортақ мүлікті күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептер (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 164 «Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсету шартының үлгілік нысанын, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы» бұйрығы);
- меншік иелерінің пәтерақы бойынша берешегі жөніндегі есептілік;
- қызметтер үшін есептелген сомалардың жиынтығы;
- жүргізілген есептеулер мен төлемдер бойынша жиынтық ведомость;
- пәтерақыға арналған түбіртектер;
- корпоративтік табыс салығы бойынша салық декларациясы (100.00 нысаны), 10-қосымшаны автоматты түрде толтыру мүмкіндігімен;
- сондай-ақ басқа да есептер.
- «Бухгалтерия для Казахстана» типтік конфигурациясының бухгалтерлік және салықтық есебі.
- қызмет алушыларға (тұрғындарға) деректерді, талдамалық ақпаратты, есептілікті ұсыну және олардан деректер алу үшін төлем жүйелерімен және мобильді қосымшалармен интеграция: «e-Knot» (https://eknot.me/); SmartOSI (https://osipt.kz/), osi.kz (https://osi.kz/), Управдом (https://osidom.kz/) сервистерімен интеграция жұмыстары жүргізілуде. Интеграция мына бөліктерді қамтиды:




