Сипаттама
РАСШИРЕННЫЙ тарифі: 10 қолданба базасына дейін, 5 сеансқа дейін. Бір пайдаланушы үшін айына 2166 ₸-ден бастап (12 айға бірден төлегенде).
Қолданбалар:
РАСШИРЕННЫЙ тарифі мына тізімдегі 10 қолданба базасына дейін пайдалануға мүмкіндік береді:
1C:Бухгалтерия для Казахстана
1C:Зарплата и управление персоналом для Казахстана
1C:Розница для Казахстана
1С:Фреш — таныс 1С бағдарламаларымен интернет арқылы кез келген құрылғыдан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бұлттық сервис. Онда бухгалтерлік, салықтық, басқарушылық есеп жүргізіп, есептілік тапсыра аласыз. Сервис бизнестің кез келген түріне жарайды. Бухгалтерлік есеп аутсорсингте жүргізілсе, үйден қашықтан жиі жұмыс істеуге тура келсе, жұмысты тез автоматтандыру немесе бірнеше филиалды біріктіру қажет болса, ол әсіресе ыңғайлы.
Қашықтан жұмыс
Кез келген құрылғыдан жұмыс
Планшеттен, ноутбуктен, смартфоннан
Сервер сатып алмай-ақ
Қымбат жабдыққа күрделі шығын жұмсаудың қажеті жоқ
ИТС сервистеріне қолжетімділік
Бухгалтерия для Казахстана
Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік және салықтық есепті автоматтандыруға, сондай-ақ коммерциялық қызметтің кез келген түрімен — көтерме және бөлшек саудамен, қызмет көрсетумен, өндіріспен және т.б. айналысатын ұйымдарда міндетті (регламенттелген) есептілік нысандарын дайындауға арналған.

Зарплата и управление персоналом для Казахстана
Кәсіпорынның кадр саясатын іске асыруға және персоналмен ақшалай есеп айырысуды автоматтандыруға арналған. Бағдарламалық өнім кадр қызметіне күнделікті міндеттерді, соның ішінде сауалнама жүргізуді, қызметкерлер туралы есептер дайындауды, мемлекеттік органдарға регламенттелген есептілік ұсынуды шешуге көмектеседі. Ал кәсіпорын басшылығы толық әрі дұрыс ақпарат негізінде басқарушылық шешімдер қабылдай алады.

Управление нашей фирмой для Казахстана
Шағын кәсіпорындағы басқару мен есептің негізгі міндеттерін қамтитын кешенді шешім. Кәсіпорын қызметінің түрлі аспектілерін басқаруға арналған бірыңғай ақпараттық жүйені ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бухгалтерия для государственных учреждений
Ұйымдағы бухгалтерлік және салықтық есепті, соның ішінде міндетті (регламенттелген) есептілікті дайындауды автоматтандыруға арналған. Конфигурацияда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған есептің стандартты әдіснамасы іске асырылған. Конфигурация қоғамдық сектордың қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

Бухгалтерский учет для государственных предприятий Казахстана
Қызметтің кез келген түрімен — тауар саудасымен, қызмет көрсетумен, өндіріспен және т.б. айналысатын мемлекеттік кәсіпорындарда бухгалтерлік және салықтық есепті, соның ішінде міндетті (регламенттелген) есептілікті дайындауды автоматтандыруға арналған. Бухгалтерлік және салықтық есеп Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

1С:Розница 8 для Казахстана
Бөлшек сауданы басқаруға арналған әмбебап шешім. Жеке дүкеннің де, ірі бөлшек сауда желісінің де барлық негізгі бизнес-процестерін толық автоматтандырады. Сатылымдар мен сатып алуларды, қорлар мен қойманы, дүкен персоналын, ассортимент пен баға белгілеуді, маркетингтік акциялар мен адалдық жүйелерін тиімді басқаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кассирдің жұмыс орнын автоматтандырады. Сауда нүктелерінің жұмыс көрсеткіштерін бақылау және талдау үшін есептерді жедел қалыптастырады.

1С:Кассир для Казахстана
Онлайн-кассаларды қосуға, сауда нүктелерін орталықтан басқаруға, тауарларды қарапайым есепке алуға, сатып алушыларға жеке және жинақтаушы жеңілдіктерді ұйымдастыруға, интернет-тапсырыстармен жұмыс істеуге, жеткізуді бақылауға және талдауға арналған бұлттық қолданба.

1С:Маркетинг. Лидогенерация
Контекстік және таргеттелген жарнаманың кең мүмкіндіктерін пайдалана отырып, интернеттен әлеуетті клиенттерді іздеуге және тартуға арналған мамандандырылған шешім.

Бюджетное планирование и финансирование для государственных учреждений
«Бюджетное планирование и финансирование для государственных учреждений» бағдарламалық өнімі бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті және республикалық бюджеттерді қалыптастыруға арналған. Қолданбалы шешімнің негізгі міндеті — бюджетті шығыстар мен түсімдер бойынша болжау, жоспарлау және қаржыландыру процесін кешенді автоматтандыру. Шешім бюджеттік жоспарлау саласындағы барлық міндеттерді шешуге ықпал етеді және ведомстволық бағынысты мекемелерден бастап әкімшілерге дейінгі барлық қатысушылар арасында тікелей деректер алмасуға мүмкіндік береді. Жоспарлау жұмысының толық циклі іске асырылған: құжатты дайындаудан бастап оны бағыттауға, келісуге, өңдеуге, бекітуге және орындалуын бақылауға дейін. Өзекті мәртебелерге мониторинг жүргізіледі, өтінімдер мен құжаттардың орындалуы бақыланады.

Бухгалтерия ОСИ, ПТ, УК, СК, КСК для Казахстана
«Отраслевой 1С:Фреш» сервисінде интернет-қолданба ретінде орналастырылған бұл шешім «Бухгалтерия для Казахстана», ред. 3.0 типтік шешімі негізінде оның базалық функционалы сақтала отырып әзірленген. Шешім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметті автоматтандыруға арналған: тұрғын үй меншік иелерін есепке алу, коммуналдық қызметтерді есептеу, төлемдерді тіркеу, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу.



