Сипаттама
«1С:CRM ПРОФ для Казахстана» — «1С:Управление торговлей для Казахстана» конфигурациясымен бірге жұмыс істейтін модуль. Ол сату, сервис, маркетинг және басқа бөлімшелердің клиенттермен жұмысын бір жүйеге жинайды: клиенттік база, байланыстар, бизнес-процестер, сату воронкасы мен маркетингтік науқандар есеп жүйесімен ортақ ақпараттық кеңістікте жүргізіледі.
Клиенттік база және байланыстар
- клиенттер туралы барлық деректерді бірыңғай базаға жинау, әр клиент пен байланыс тұлғаның толық сипаттамасы, клиенттер арасындағы байланыстар;
- клиент карточкасына әртүрлі файлдарды тіркеу және олардың өзгеріс тарихын сақтау;
- байланыстар тарихы, клиенттің қызығушылықтарын тіркеу, өтініштерді нақты уақытта диспетчерлеу және бөлімдер арасында жедел беру;
- «Автомотиватор» арқылы өзара әрекеттесуді жоспарлау, негізгі көрсеткіштер панелі және менеджерлердің жұмыс орнындағы «виджеттер»;
- «Күнтізбе»: кездесулер мен жиналыстар, қатысушыларды бос уақытына қарай таңдау, бірнеше пайдаланушының күнтізбесін қатар көру, бөлмелерді брондау, «Істер тізімі».
Бизнес-процестер (BPM)
- бизнес-процестерді жобалау, жариялау және олардың тиімділігін талдау;
- клиенттермен жұмысқа арналған дайын бизнес-процестер — оларды бағдарламаламай-ақ, пайдаланушы режимінде өзгертуге немесе жаңасын жасауға болады;
- сату, сервистік қызмет көрсету, рекламациялар, тапсырмаларды орындау және құжаттарды келісу регламенттері;
- құжаттар мен олардың нұсқаларын қосу, келісу және өңдеу (Workflow).
Сату және маркетинг
- «Интерес» құжаты және оның күйлері негізінде сату кезеңдерін басқару, сатудың үлгі шаблондары;
- мерзімі өткен берешекті бақылау, баға мен жеңілдік тағайындау;
- коммерциялық ұсыныстар мен шарттарды MS Word немесе OpenOffice корпоративтік шаблондары негізінде автоматты дайындау;
- «Сату воронкасы» және эталондық воронканы жоспарлау, сатуды номенклатура, клиенттер, менеджерлер және бөлімшелер бойынша жоспарлау, жоспар-факт талдауы;
- маркетингтік науқандарды жоспарлау, бюджеттеу, келісу және олардың тиімділігін (ROI) талдау;
- телемаркетинг, дербес e-mail және SMS таратылымдар, клиенттерді статикалық және динамикалық сегменттеу, автоматты ABC/XYZ-талдау.
Хабарламалар және ыңғайлы жұмыс
- жоспарланған және мерзімі өткен оқиғалар мен тапсырмалар туралы бағдарлама ішінде, e-mail немесе SMS арқылы хабарлама;
- кіріс өтініштерді қабылдау шебері, пошта менеджері, жаңа клиенттерді енгізу көмекшісі, құжаттар мен мәмілелерді басқа менеджерге беру;
- бір есептің нәтижесін келесі есепке беретін көпсатылы талдау;
- менеджерлер әрекеттің 80 %-дан астамын орындайтын Басты бөлім, «жұмыс үстелдері», түспен белгілеу, құжаттарды ашпай-ақ қарау;
- бағдарламадағы міндеттерді шешу бойынша ұсынымдары бар «Көмек» әдістемелері.
Интеграция
- баспа нысандарын дайындау үшін Microsoft Office және/немесе OpenOffice;
- кеңселік телефония (CTI): Panasonic KX-TDA/TDE, Avaya IP Office, CiscoCallManager/CallManagerExpress/UC, IP-АТС «АГАТ UX», IP CallCenterAsterisk;
- SMS және электрондық пошта;
- жеткізушілердің прайс-парақтарын жүктеу, клиенттерді MS Excel, *.txt, MS Outlook файлдарынан жүктеу;
- мәтіндік файлдар, DBF-файлдар және XML-құжаттар арқылы деректер алмасу.
КОРП нұсқасындағы қосымша мүмкіндіктер
«1С:CRM для Казахстана» модулінің КОРП нұсқасында бұған қоса мыналар бар:
- көрсеткіштерді басқару: менеджерлердің жеке KPI-ы және олардың орындалуын көрсететін жұмыс орны, KPI-ға қолжетімділік құқықтары;
- клиент портреті бойынша формулалармен сату әлеуетін есептеу және сатуды әлеуетті ескере отырып талдау;
- жобаларды кезеңдерге бөліп басқару, ресурстарды жоспарлау және жобалар арасындағы ресурс қайшылықтарын анықтау;
- Yandex, Google геокарталары, MS Outlook және MS Exchange Server-мен екі жақты алмасу, Comagic контекстік жарнама жүйесі, MS Active Directory және BI-жүйелермен интеграция.




