Сипаттама
«1С-Рейтинг: Общепит для Казахстана» — түрлі ауқымдағы қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен бөлімшелерінде бухгалтерлік, салықтық және жедел есепті автоматтандыруға арналған бағдарлама. Ол «Бухгалтерия для Казахстана» негізінде оның барлық мүмкіндіктерін сақтай отырып әзірленген. Бір ақпараттық базада шаруашылық жүргізу түрлері әртүрлі бірнеше кәсіпорынның есебін қатар жүргізуге болады. Бухгалтерлік және салықтық есеп ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Рецептуралар және тағам дайындау
- дайындау, бөлшектеу және жиынтықты бөлшектеу рецептуралары; «тағам ішіндегі тағам» схемасы, ендіру деңгейінің саны шектелмейді;
- рецептуралар негізінде калькуляциялық карточкалар мен технологиялық карталарды автоматты түрде қалыптастыру, рецептураларды электрондық анықтамалықтан жүктеу;
- өнімдерді икемді есептен шығару: өзара алмастырылатын өнімдер (аналогтар), қоймада ингредиенттердің бар-жоғын талдау және оларды ас үй қоймасына ауыстыру;
- «Выпуск продукции» құжаты — тағам дайындау мен өнімдерді есептен шығару, ингредиенттердің жетіспеушілігі туралы есеп, аналогтар мен жартылай фабрикаттарды қолданудың бірнеше режимі;
- дәмдеуіштердің арнайы есебі: бір шығарылымға жұмсалатын мөлшері өте аз болғандықтан, есептеу қателігі жиналмас үшін олар тағам дайындаған кезде есептен шығарылмай, арнайы тіркелімде жинақталады да, кезең соңында «Списание специй» құжатымен есептен шығарылады;
- ет ұшасын бөлшектеу сияқты бөлшектеу және жиынтықты бөлшектеу операциялары;
- өнімдер мен тағамдардың калориялылығы мен энергетикалық құндылығы, суық өңдеу кезіндегі маусымдық шығындар;
- қорларды әртүрлі өлшем бірлігімен есепке алу және олардың арасындағы қайта есептеу ережелерін икемді баптау;
- кіріс бағаларын, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын және босату бағаларын қалыптастыру.

Сауда және жабдықтар
- ауысымдағы бөлшек сату нәтижелері «Отчет о розничных продажах» құжатымен көрсетіледі: тауарды тиеп жөнелту, әртүрлі тәсілмен (қолма-қол, талон, клуб және дисконттық карта) төлем алу, түсімнің кассаға түсуі, ҚҚС пен акцизді тіркеу;
- бөлшек сату деректері дайындалған тағам саны бойынша, фронт-офис жүйелерімен немесе Off-Line режиміндегі бақылау-касса машиналарымен (БКМ) алмасу арқылы не түгендеу нәтижесі бойынша енгізіледі;
- фронт-офис жүйелерімен алмасу: «1С:Ресторан», «1С-Рейтинг: Ресторан», «1С-Рарус: Ресторан + Бар + Кафе», R-Keeper v6, v7;
- штрихкод сканерлері мен ТСД (деректер жинау терминалдары); «сатып алу», «бөлшек», «қызметкерлерге арналған баға» сияқты баға түрлері.
Бухгалтерлік және салықтық есеп
- тауар-материалдық қорларды орташа өзіндік құнмен, ФИФО немесе ЛИФО әдісімен бағалау, партиялық есеп; қоймалар арасында орын ауыстыру, түгендеу, кірістеу, есептен шығару; сандық немесе сандық-сомалық қойма есебі;
- банк және касса операциялары, валюталық операциялар, кассалық кітап; контрагенттермен теңгемен және шетел валютасымен есеп айырысу, бағамдық айырмаларды автоматты есептеу;
- негізгі құралдар мен материалдық емес активтер: кіріс, есепке алу, амортизация, жаңғырту, беру және есептен шығару; үстеме шығыстарды әртүрлі әдіспен бөлу;
- жалақыны айлық және сағаттық тарифтік мөлшерлемелер, тіркелген сома және пайыз бойынша есептеу, «кері» есептеу, еңбекке уақытша жарамсыздық пен демалыс ақысын орташа жалақы бойынша есептеу, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен әлеуметтік аударымдар (ӘА) тізімдерін электрондық түрде қалыптастыру, жалақыны карт-шоттарға аудару;
- ҚҚС есебі (бөлек және пропорционалды әдістер) және ҚҚС бойынша салықтық есептілікті толтыру; КТС (корпоративтік табыс салығы) бойынша арнайы салықтық шоттар жоспары мен салықтық тіркелімдер;
- айды жабу: амортизация, өндірістік шоттарды жабу, валютаны қайта бағалау, болашақ кезеңдер шығыстарын есептен шығару, балансты реформациялау.
Есептер
Стандартты бухгалтерлік есептерден бөлек басқарушылық есептер қарастырылған: «Анализ выпуска продукции», «Технологическая карта», «Калькуляционная карточка», «Калькуляция себестоимости блюд», «Рецептуры по ингредиентам», «Отчет по поступлению товаров», «Ведомость по товарам», «Отчет по ценам», «Отчет о реализации товаров и услуг». Қаржылық, салықтық және статистикалық регламенттелген есептілік автоматты түрде қалыптасады, салықтық нысандарды электрондық тапсыру үшін XML форматында жүктеп шығаруға болады.



