3.0.45.1 нұсқасындағы жаңалықтар
Конфигурация 8.3.17 платформа нұсқасымен үйлесімділік режимінде 1С:Предприятие платформасының 8.3.18/8.3.19 нұсқаларында жұмыс істеуге бейімделді.
Платформаның ең төменгі нұсқасы — 8.3.18.1208.
Платформаның ұсынылатын нұсқасы — 8.3.19.1467.
Стандартты кітапханалар
Конфигурация құрамына кіретін кітапханалардың нұсқалары жаңартылды:
- Библиотека Стандартных Подсистем — 3.1.6.271 нұсқасына дейін;
- Интернет-поддержка пользователей — 2.6.3.29 нұсқасына дейін;
- Библиотека Технологии Сервиса — 2.0.7.51 нұсқасына дейін.
Бағыныштылық құрылымы
«Связанные документы» есебінде құжатты өткізу немесе элементті жоюға белгілеу үшін енді объект формасына өтудің қажеті жоқ. Есептің өзінде бірнеше жолды белгілеп, тиісті командаларды пайдалану жеткілікті.
Іздеу командаларының көмегімен қажетті құжатты табу мүлдем қиын емес.
Қолжетімділікті басқару
Конфигурацияға «Анализ прав доступа» есебі қосылды. Есеп «Администрирование – Настройка пользователей и прав – Пользователи» бөлімінде орналасқан, оны «Пользователи» тізімінен, пайдаланушы карточкасынан, сондай-ақ барлық тізімнен «Еще — Отчеты» мәзірі арқылы ашуға болады. «Анализ прав доступа» есебінің көмегімен әкімші пайдаланушылардың ақпараттық базаның есептері мен кестелеріне қолжетімділік деңгейі туралы жиынтық және толық ақпаратты көрнекі түрде ала алады:
- Нақты қай пайдаланушылардың сол немесе өзге анықтамалықтарды, құжаттарды және т.б. қарауға, өңдеуге немесе жасауға құқығы бар екенін — бұл құқықтар берілген қолжетімділік топтарына дейін ашып көрсетеді.
- Кестелерді олардағы деректер шығарылатын есептер бойынша топтастыруға болады.
- Жазбалар деңгейіндегі шектеулер (RLS) үшін рұқсат етілген мәндерді көрсетеді.
Есеп жүргізуді бақылау
Конфигурацияға «Контроль ведения учета» кіші жүйесі енгізілді. Кіші жүйе құжаттар мен конфигурацияның басқа да объектілерін жазу кезіндегі бұрыннан бар тексерулерді толықтыратын қолданыстағы және еркін қолданбалы ережелер бойынша ақпараттық база деректерінің дұрыстығын автоматты түрде регламенттік бақылауға арналған. Қазіргі уақытта кіші жүйеде мынадай стандартты тексерулер қолжетімді:
- Алдын ала анықталған элементтердің қайталануын тексеру;
- Сілтемелік тұтастықты тексеру;
- Алмасу жоспарының алдын ала анықталған түйіндерінің бар-жоғын тексеру және басқалары.
Маңызды! Механизмнің толық сипаттамасымен конфигурация жаңартуының шаблондарын орнату каталогындағы AddDoc каталогында орналасқан құжаттамаға қосымшадан таныса аласыз.
Деректемелерді топтап өзгерту
Деректемелерді топтап өзгерту ыңғайлырақ болды («Администрирование – Обслуживание – Корректировка данных» бөлімі немесе тізімдердегі «Изменить выделенные» командасы):
- Өңдеу формасында «Изменять» өрісінде соңғы таңдалған мән есте сақталады.
- «Все элементы» гиперсілтемесі арқылы өзгертетін элементтерді таңдағанда бұрын бапталған іріктеулерді сақтауға және жүктеуге болады.
- Сонымен қатар өзгертуге арналған «Выбор элементов» формасында элементтерді еркін жол бойынша жылдам іздеу өрісі қарастырылған. Бұл ретте элементтерді іздеу және іріктеу тізімнің барлық көрінетін бағаны бойынша орындалады, ал олардың құрамы форманың төменгі жағындағы тізімнің «Колонки» гиперсілтемесі арқылы бапталады.
Пайдаланушылардың құпиясөздерін қалпына келтіру
Ақпараттық база пайдаланушылары үшін бағдарламаға кіру кезінде құпиясөзді қалпына келтіру мүмкіндігі қосылды.
Бұл мүмкіндік пайда болуы үшін «Администрирование – Настройки пользователей и прав – Пользователи» бөліміндегі «Восстановление паролей» сілтемесі арқылы баптау жасау қажет. «Отображать гиперссылку «Забыли пароль?»» баптауы қосылғаннан кейін бағдарламаға кіру терезесінде тиісті гиперсілтеме пайда болады. Осылайша пайдаланушы бағдарламаға кіретін құпиясөзін ұмытып қалса, оны әкімшіге жүгінбей-ақ қалпына келтіре алады.
Маңызды! Механизмнің толық сипаттамасымен конфигурация жаңартуының шаблондарын орнату каталогындағы AddDoc каталогында орналасқан құжаттамаға қосымшадан таныса аласыз.
Қайталанатын элементтерді іздеу және жою
Қайталанатын элементтерді жойғаннан кейін («Администрирование – Обслуживание – Корректировка данных» бөлімі) олар ауыстырылған және, мүмкін, жаңа қайталанулар пайда болған орындардың тізімі қосымша шығарылады. Мысалы, қайталанатын контрагенттерді ауыстырғанда қайталанатын шарттар пайда болуы мүмкін.
Басып шығару
Баспа формалары макеттерінің тізімінде («Администрирование — Печатные формы, отчеты и обработки — Макеты печатных форм» бөлімі) баспа формаларының жаңа макеттерін жасау мүмкіндігі қосылды. Жаңа макеттер үшін тиісті құжаттардың «Печать» ішкі мәзіріне басып шығару командалары автоматты түрде қосылады. Бұл конфигураторды пайдаланбай-ақ өз баспа формаңызды жасауға мүмкіндік береді.
Баспа формасы макетінің редакторында басып шығарылатын құжат өрістерінің тізімі қолжетімді. Өрістер тізімінде әр өрістің толтырылу үлгісі көрсетіледі, форматты баптау қарастырылған. Осы тізімдегі өрістерді тікелей макетке сүйреп апаруға болады. Өңдеудің кез келген кезеңінде баспа формасының қалай қалыптасатынын кез келген құжаттың мысалында көруге болады.
Маңызды! Механизмнің толық сипаттамасымен конфигурация жаңартуының шаблондарын орнату каталогындағы AddDoc каталогында орналасқан құжаттамаға қосымшадан таныса аласыз.
Жеңілдетілген декларация бойынша салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу кітабы
Конфигурация құрамына «Книга налогового учета» есебі енгізілді. Есепті патент немесе жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және ҚҚС төлеушісі болып табылатын салық төлеушілер толтырады (есеп «Отчеты» бөлімінде қолжетімді).
Есепті қалыптастыру алгоритмі анықтамалық ақпаратта сипатталған.
Регламенттелген есептілік
Салықтық есептілік
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация, 100.00 нысаны
СОНО АЖ-ның 27.10.2022 ж. form_100_00_v31_r122 шаблоны үшін деректерді XML форматында жүктеп шығару мүмкіндігі іске асырылды.
Шаблон 2021 және 2022 жылдардағы есептілікті тапсыру үшін қолданылады.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация, 200.00 нысаны
Конфигурация құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 1002 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 «Салықтық есептілік нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген 200.00 нысаны енгізілді.
СОНО АЖ-ның 17.10.2022 ж. form_200_00_v32_r135 шаблоны үшін деректерді XML форматында жүктеп шығару мүмкіндігі іске асырылды.
Шаблон 2022 жылдың III тоқсанынан бастап есептілік тапсыру үшін қолданылады.
Жеке табыс салығы бойынша декларация, 220.00 нысаны
Конфигурация құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 49 бұйрығының редакциясында) бекітілген 220.00 нысаны енгізілді.
СОНО АЖ-ның 30.06.2022 ж. form_220_00_v37_r38 шаблоны үшін деректерді XML форматында жүктеп шығару мүмкіндігі іске асырылды.
Шаблон 2021 және 2022 жылдары есептілік тапсыру үшін қолданылады.
Қосылған құн салығы бойынша декларация, 300.00 нысаны
СОНО АЖ-ның 17.10.2022 ж. form_300_00_v28_r157 шаблоны үшін деректерді XML форматында жүктеп шығару мүмкіндігі іске асырылды.
Шаблон 2022 жылы есептілік тапсыру үшін қолданылады.
Регламенттелген өндірістік күнтізбе
2022 жылға арналған регламенттелген өндірістік күнтізбенің толтырылуы жаңартылды. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес регламенттелген өндірістік күнтізбеде:
- Жаңа ұлттық мереке — Қазақстан Республикасы күні (25 қазан) белгіленді.
- Мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан) алып тасталды.
- 17 желтоқсан Тәуелсіздік күні ұлттық мерекесін тойлау күндерінің қатарынан алып тасталды. Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелер қатарына ауыстырылып, 16 желтоқсанда атап өтіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылы демалыс күні қосымша 2022 жылғы 22 қазан, сенбіден 2022 жылғы 24 қазан, дүйсенбіге ауыстырылды.
Маңызды! Жалақыны есептеу алдында регламенттелген өндірістік күнтізбені және қызметкерлердің жұмыс кестелерін тексеру қажет.
Жіктеуіштер
«Коды бюджетной классификации» (КБК) жіктеуіші 29.09.2022 жылғы жағдай бойынша өзектендірілді.
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (КАТО) 17.10.2022 жылғы жағдай бойынша өзектендірілді.
Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 26.10.2022 жылғы жағдай бойынша өзектендірілді.
ЭСФ ақпараттық жүйесімен интеграция
Электрондық СНТ
ЭСФ АЖ жүйесінде ломбардтардың үшінші тұлғалардың мүлкі болып табылатын құрамында алтын бар тауарды өткізу кезінде СНТ ресімдеуіне арналған жаңа функционал іске асырылды. СНТ жіберу кезінде «В. Поставщик» бөлімінде «Залогодержатель/хранитель» санатын таңдауға болады, бұл ретте G бөлімінің кестелік бөлігінде ГСВС-тағы ТНВЭД бойынша «Золотосодержащая продукция» белгісі бар тауар болуы тиіс. Мұндай СНТ жіберілгенде көрсетілген санаттағы тауар үшін G17 өрісінің толтырылуы бақыланады. Осыған байланысты мынадай механизмдер іске асырылды:
- СНТ құжатының В және С бөлімдерінде жеткізуші мен алушы үшін «Залогодержатель/хранитель» санаты қосылды;
- «Первичная» және «Исправленная» түріндегі СНТ құжаттары үшін жаңа санаттың тек В бөлімінде, жеткізуші үшін ғана таңдалуын ішкі тексеру қосылды;
- «На возврат товаров» түріндегі СНТ құжаттары үшін жаңа санаттың тек С бөлімінде, алушы үшін ғана таңдалуын ішкі тексеру қосылды.
Маңызды! Механизмнің толық сипаттамасымен конфигурация жаңартуының шаблондарын орнату каталогындағы AddDoc каталогында орналасқан құжаттамаға қосымшадан таныса аласыз.
Түзетілген қателер
- «Ввоз товаров на территорию РК/7.3 Временный ввоз» операция түрі бар импортқа арналған шығыс СНТ құжатында «Проверить» батырмасы арқылы ішкі тексеру жүргізгенде G бөлімінің кестелік бөлігінде тауар сәйкестендіргішінің жоқ екені туралы қате шығатын.
- Анықталған басқа да қателер мен ескертулер түзетілді.
Түзетілген қателер
3.0 редакциясындағы «Бухгалтерия для Казахстана» конфигурациясының ерекшеліктері
Есептің өзектілік күні
- «Дата актуальности учета» механизміне 3.0 редакциясында қолдау көрсетілмейді.
«Операция (бухгалтерский и налоговый учет)» құжатындағы типтік операциялар
- 3.0 редакциясында «Операция (бухгалтерский и налоговый учет)» құжатын толтыру кезінде қолданылатын типтік операцияларды қалыптастыру механизміне қолдау көрсетілмейді.
Регламенттелген есептілік
- 3.0 редакциясында өткен кезеңдердің (2015 жылға дейінгі) регламенттелген есептілігін қалыптастыруға қолдау көрсетілмейді.

