Бухгалтерия для Казахстана, 3.0 редакциясы: 3.0.45.2 нұсқасына жаңарту

1С жаңартулары
Бухгалтерия для Казахстана, 3.0 редакциясы: 3.0.45.2 нұсқасына жаңарту

3.0.45.2 нұсқасындағы жаңалықтар

Конфигурация 1С:Предприятие платформасының 8.3.18/8.3.19 нұсқаларында 8.3.17 платформа нұсқасымен үйлесімділік режимінде жұмыс істеуге бейімделген.
Платформаның ең төменгі нұсқасы — 8.3.18.1208.
Платформаның ұсынылатын нұсқасы — 8.3.19.1467.

Өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі

«Акт сверки взаиморасчетов» құжатына «Разбить по договорам» қосымша баптауы қосылды, ол құжат деректерін шарттар бөлінісінде бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
«Разбить по договорам» баптауы қосылғанда құжаттың «По данным организации» және «По данным контрагента» кестелік бөлімдеріне қосымша «Договор» бағаны қосылады. Баспа нысанында да құжаттар шарттар бойынша топтастырылады.

Сатып алушыға төлем шоты

Құжаттың «Цена и валюта» нысанында «Сумма включает НДС» белгісі алынып тасталған жағдайда, құжаттың баспа нысанына қорытынды соманы шығару қосылды.
Құжатқа номенклатура позицияларын штрихкод бойынша іздеу және оларды құжаттың кестелік бөліміне қосу мүмкіндігі қосылды.

Тіркелген файлдарды сақтау

Файлдарды мына объектілерге тіркеу мүмкіндігі қосылды:

  • «Счет на оплату покупателю» құжаты;
  • «Поступление ТМЗ и услуг» құжаты;
  • «Реализация ТМЗ и услуг» құжаты.

Регламенттелген есептілік

Жалақы бойынша анықтамалар

  1. Табыс сомалары және жүзеге асырылған зейнетақы жарналары туралы анықтама жойылды:
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы (4-қосымша) 29.09.2022 жылғы № 396 бұйрықпен 15.10.2022 жылдан бастап алып тасталды;
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығы (2-қосымша) 25.03.2021 жылғы № 84 бұйрықпен 2021 жылдың сәуірінде күшін жойды.
  2. Әлеуметтік тәуекел туындағанға дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы табыс туралы жұмыс орнынан берілетін анықтама жойылды:
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығы, № 236 бұйрыққа 7-қосымша, 08.06.2020 жылғы № 217 бұйрықпен 01.01.2020 жылдан бастап күшін жойды;
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығы (4-қосымша) 30.06.2016 жылғы № 579 бұйрықпен 2016 жылдың қарашасында № 279 бұйрықтан алып тасталды, 25.03.2021 жылғы № 84 бұйрықпен 2021 жылдың сәуірінде күшін жойды.

Жіктеуіштер

«Коды бюджетной классификации» (КБК) жіктеуіші 28.10.2022 жылғы жағдай бойынша өзектендірілді.
Банктер жіктеуіші 24.11.2022 жылғы жағдай бойынша өзектендірілді.
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (КАТО) 18.11.2022 жылғы жағдай бойынша өзектендірілді.

ЭСФ ақпараттық жүйесімен интеграция

Электрондық шот-фактуралар

Түзетілген қателер:

  • Егер ЭСФ құжатында А бөлімінің «Дата выписки» өрісінде 00:00:00-ден өзгеше уақыт орнатылып, «Прочее» бөліміндегі «Рег.номер» және «Идентификатор» деректемелері тазартылса, «Обновить по номеру и дате» процедурасын орындағанда қажетті деректер жаңартылмайтын;
  • ҚҚС төлеушісі болып табылмайтын, бірақ 0% немесе 12% мөлшерлемені көрсететін (ҚР СК 264-бабы) «Экспедитор» санатындағы жеткізуші ЭСФ жібергенде құжат ЭСФ АЖ порталына «Без НДС» мөлшерлемесімен түсетін.

Электрондық СНТ

Түзетілген қателер:

  • Карточкасында «Указывать реквизиты головной организации в счет-фактуре» белгісі орнатылған ұйымның атынан тауарларды қайтаруға арналған СНТ жібергенде жеткізуші ұйым үшін ЭСФ АЖ профилі берілмегені туралы қате шығатын;
  • «Возврат ТМЗ от покупателя» құжаты негізінде жеткізуші санаты «Физическое лицо» және «Розничная реализация» болатын экспортталған тауарлар бойынша қайтаруға арналған СНТ қалыптастырғанда А және В бөлімдеріндегі деректер экспортқа арналған бастапқы СНТ-дан толтырылады. Бұрын олар контрагент карточкасынан толтырылатын;
  • «Перемещение ТМЗ» есептік құжаты негізінде қалыптастырылған, операция түрі «Перемещение между филиалами» болатын СНТ-ны өткізгенде алушының шығу тегі көздері қалыптаспайтын;
  • «Чтение СНТ» рөлі үшін «Создать ЭСФ и СФ» командасын көру мүмкіндігі қосылды.

«Проверка записей регистра бухгалтерии» өңдеуі

Конфигурацияның жеткізілім құрамына «Проверка записей регистра бухгалтерии» қосымша өңдеуі енгізілді (конфигурация үлгілерін орнату каталогының \ExtFiles\ каталогындағы ПроверкаЗаписейРегистраБухгалтерии.epf файлы).
Өңдеу бухгалтерия регистрлерінің ішкі кестелеріндегі аналитикасының мәндері қате жазбаларды іздеуге және түзетуге арналған. Мұндай қателер ақпараттық базаны бұлттық сервиске көшіруге кедергі келтіруі мүмкін.
Өңдеудің функционалы «Проверить» және «Исправить» командалары арқылы іске асырылған.
Алдымен «Проверить» командасын орындау ұсынылады — бухгалтерия регистрлерінде субконтосы қате жазбалары бар құжаттардың тізімі қалыптасады.
Бұл құжаттарды қолмен қайта өткізуге немесе өңдеудің «Исправить» командасын пайдалануға болады.
«Исправить» командасын орындағанда құжаттар қайта өткізілмейді, тек бухгалтерия регистрлеріндегі жазбалар түзетіледі.
Түзеткеннен кейін бақылау үшін «Проверить» командасын тағы бір рет орындаған жөн.
Өңдеуді пайдалану үшін оны «Администрирование — Печатные формы, отчеты и обработки — Дополнительные отчеты и обработки» бөлімінде қосу қажет.

Басқа өзгерістер

  • «Передача НМА» құжатына «ДА-1. Акт приема-передачи долгосрочных активов» баспа нысанын автоматты түрде толтыру үшін «Члены комиссии» кестелік бөлімі қосылды.
  • «Отчет о розничных продажах» құжатының өткізбелерінде эквайер-банкпен есеп айырысулар бойынша есеп айырысу шотын «Счета учета расчетов с контрагентами» мәліметтер регистрінің баптауын ескере отырып толтыру іске асырылды.

Түзетілген қателер

  • Бір жеке тұлға бір бөлімшеден жұмыстан шығарылып, біраз уақыттан кейін басқа бөлімшеге қабылданған жағдайда «Отражение зарплаты в регл. учете» құжатының толтырылуы түзетілді.
  • Шектеулі құқықтары бар пайдаланушыға контрагент карточкасындағы «Контактные лица» гиперсілтемесіне қолжетімділік қайтарылды.
  • «Подбор номенклатуры» нысанында және «Номенклатура» анықтамалығының тізім нысанында енгізілген мәтін бойынша іздеу режимін қосу қатесі түзетілді.
  • «Списание ОС» құжатында «Товары» кестелік бөлімінің толтырылуын тексеру алынып тасталды.
  • «Экспресс-проверка ведения учета» өңдеуінде «Проверка корректности выписки выданных/полученных счетов-фактур» операцияларын орындағанда тексеру нәтижесінде ЭСФ толтырылмайтын, ал ЭСФ-ті ашып қарағанда «Null» мәні шығатын. Бұл әрекет түзетілді.
  • Шектеулі құқықтары бар пайдаланушыға «Счета-фактуры выданные» журналындағы және «Счет-фактура выданный» құжатындағы «ЭСФ» командалар тобына қолжетімділік қайтарылды.
  • «Материальная ведомость» есебінің әдепкі баптауларында енді «Детализация по кор.счетам» тобының баптаулары орнатылмайды.
  • Анықталған басқа да қателер мен ескертулер түзетілді.

Түзетілген қателер

3.0.45.1 нұсқасындағы жаңалықтар

Конфигурация 1С:Предприятие платформасының 8.3.18/8.3.19 нұсқаларында 8.3.17 платформа нұсқасымен үйлесімділік режимінде жұмыс істеуге бейімделген.
Платформаның ең төменгі нұсқасы — 8.3.18.1208.
Платформаның ұсынылатын нұсқасы — 8.3.19.1467.

Стандартты кітапханалар

Конфигурация құрамына кіретін кітапханалардың нұсқалары жаңартылды:

  • Библиотека Стандартных Подсистем — 3.1.6.271 нұсқасына дейін;
  • Интернет-поддержка пользователей — 2.6.3.29 нұсқасына дейін;
  • Библиотека Технологии Сервиса — 2.0.7.51 нұсқасына дейін.

Бағыныштылық құрылымы

«Связанные документы» есебінде құжатты өткізу немесе элементті жоюға белгілеу үшін енді объект нысанына өтудің қажеті жоқ. Есептің өзінде бірнеше жолды белгілеп, тиісті командаларды пайдалану жеткілікті.
Іздеу командаларының көмегімен қажетті құжатты табу еш қиын емес.

Қолжетімділікті басқару

Конфигурацияға «Анализ прав доступа» есебі қосылды. Есеп «Администрирование – Настройка пользователей и прав – Пользователи» бөлімінде орналасқан, оны «Пользователи» тізімінен, пайдаланушы карточкасынан, сондай-ақ барлық тізімдерден «Еще — Отчеты» мәзірі арқылы ашуға болады. «Анализ прав доступа» есебінің көмегімен әкімші пайдаланушылардың есептер мен ақпараттық база кестелеріне қолжетімділік деңгейі туралы жиынтық және толық ақпаратты көрнекі түрде ала алады:

  • Қай пайдаланушылардың қандай анықтамалықтарды, құжаттарды т.б. қарауға, өңдеуге немесе жасауға құқығы бар екені — бұл құқықтар берілген қолжетімділік топтарына дейін ашып көрсетіледі.
  • Кестелерді олардағы деректер шығарылатын есептер бойынша топтастыруға болады.
  • Жазбалар деңгейіндегі шектеулер (RLS) үшін рұқсат етілген мәндерді көрсетеді.

Есеп жүргізуді бақылау

Конфигурацияға «Контроль ведения учета» ішкі жүйесі енгізілді. Ішкі жүйе ақпараттық база деректерінің дұрыстығын қолданыстағы және еркін қолданбалы ережелер бойынша автоматты түрде регламенттік бақылауға арналған; бұл ережелер құжаттар мен конфигурацияның басқа объектілерін жазу кезіндегі бұрыннан бар тексерулерді толықтырады. Қазіргі уақытта ішкі жүйеде мынадай стандартты тексерулер қолжетімді:

  • Алдын ала анықталған элементтердің қайталануын тексеру;
  • Сілтемелік тұтастықты тексеру;
  • Алмасу жоспарының алдын ала анықталған түйіндерінің жоқтығын тексеру және басқалар.

Маңызды! Механизмнің толық сипаттамасымен конфигурация жаңартуы үлгілерін орнату каталогындағы AddDoc каталогында орналасқан құжаттамаға қосымшадан таныса аласыз.

Деректемелерді топтық өзгерту

Деректемелерді топтық өзгерту бұрынғыдан да ыңғайлы болды («Администрирование – Обслуживание – Корректировка данных» бөлімі немесе тізімдердегі «Изменить выделенные» командасы):

  • Өңдеу нысанында «Изменять» өрісінде соңғы таңдалған мән есте сақталады.
  • Өзгертуге арналған элементтерді «Все элементы» гиперсілтемесі арқылы таңдағанда бұрын бапталған іріктеулерді сақтауға және жүктеуге болады.
  • Сондай-ақ өзгертуге арналған «Выбор элементов» нысанында элементтерді кез келген жол бойынша жылдам іздеу өрісі қарастырылған. Бұл ретте элементтерді іздеу және іріктеу тізімнің барлық көрінетін бағандары бойынша орындалады, ал олардың құрамы нысанның төменгі жағындағы тізімнің «Колонки» гиперсілтемесі арқылы бапталады.

Пайдаланушылардың құпиясөздерін қалпына келтіру

Ақпараттық база пайдаланушылары үшін бағдарламаға кіру кезінде құпиясөзді қалпына келтіру мүмкіндігі қосылды.
Бұл мүмкіндік пайда болуы үшін «Администрирование – Настройки пользователей и прав – Пользователи» бөліміндегі «Восстановление паролей» сілтемесі арқылы баптау жасау қажет. «Отображать гиперссылку «Забыли пароль?»» баптауы қосылғаннан кейін бағдарламаға кіру терезесінде тиісті гиперсілтеме пайда болады. Осылайша, пайдаланушы бағдарламаға кіру құпиясөзін ұмытып қалса, оны әкімшіге жүгінбей-ақ қалпына келтіре алады.

Маңызды! Механизмнің толық сипаттамасымен конфигурация жаңартуы үлгілерін орнату каталогындағы AddDoc каталогында орналасқан құжаттамаға қосымшадан таныса аласыз.

Дубльдерді іздеу және жою

Элементтердің дубльдерін (қайталанатын элементтерді) жойғаннан кейін («Администрирование – Обслуживание – Корректировка данных» бөлімі) дубльдер ауыстырылған және жаңа дубльдер пайда болуы мүмкін орындардың тізімі қосымша шығарылады. Мысалы, контрагенттердің дубльдерін ауыстырғанда шарттардың дубльдері пайда болуы мүмкін.

Басып шығару

Баспа нысандары макеттерінің тізімінде («Администрирование — Печатные формы, отчеты и обработки — Макеты печатных форм» бөлімі) баспа нысандарының жаңа макеттерін жасау мүмкіндігі қосылды. Жаңа макеттер үшін тиісті құжаттардың «Печать» ішкі мәзіріне басып шығару командалары автоматты түрде қосылады. Бұл конфигураторды пайдаланбай-ақ өз баспа нысаныңызды жасауға мүмкіндік береді.
Баспа нысаны макетінің редакторында басып шығарылатын құжат өрістерінің тізімі қолжетімді. Өрістер тізімінде әр өрістің толтырылу үлгісі көрсетіледі, пішімді баптау қарастырылған. Осы тізімдегі өрістерді тікелей макетке сүйреп апаруға болады. Өңдеудің кез келген кезеңінде баспа нысанының қалай қалыптасатынын кез келген құжат мысалында көруге болады.

Маңызды! Механизмнің толық сипаттамасымен конфигурация жаңартуы үлгілерін орнату каталогындағы AddDoc каталогында орналасқан құжаттамаға қосымшадан таныса аласыз.

Оңайлатылған декларация бойынша салық төлеушілерге арналған салықтық есеп кітабы

Конфигурация құрамына «Книга налогового учета» есебі енгізілді. Есепті патент немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және ҚҚС төлеушілері болып табылатын салық төлеушілер толтырады (есеп «Отчеты» бөлімінде қолжетімді).
Есепті қалыптастыру алгоритмі анықтамалық ақпаратта сипатталған.

Регламенттелген есептілік

Салық есептілігі

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация, 100.00 нысаны

27.10.2022 жылғы СОНО АЖ form_100_00_v31_r122 үлгісі үшін деректерді XML пішімінде жүктеп шығару мүмкіндігі іске асырылды.
Үлгі 2021 және 2022 жылдардағы есептілікті тапсыру үшін қолданылады.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация, 200.00 нысаны

Конфигурация құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 1002 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 «Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген 200.00 нысаны енгізілді.
17.10.2022 жылғы СОНО АЖ form_200_00_v32_r135 үлгісі үшін деректерді XML пішімінде жүктеп шығару мүмкіндігі іске асырылды.
Үлгі 2022 жылдың III тоқсанынан бастап есептілікті тапсыру үшін қолданылады.

Жеке табыс салығы бойынша декларация, 220.00 нысаны

Конфигурация құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 49 бұйрығының редакциясында) бекітілген 220.00 нысаны енгізілді.
30.06.2022 жылғы СОНО АЖ form_220_00_v37_r38 үлгісі үшін деректерді XML пішімінде жүктеп шығару мүмкіндігі іске асырылды.
Үлгі 2021 және 2022 жылдары есептілікті тапсыру үшін қолданылады.

Қосылған құн салығы бойынша декларация, 300.00 нысаны

17.10.2022 жылғы СОНО АЖ form_300_00_v28_r157 үлгісі үшін деректерді XML пішімінде жүктеп шығару мүмкіндігі іске асырылды.
Үлгі 2022 жылы есептілікті тапсыру үшін қолданылады.

Регламенттелген өндірістік күнтізбе

2022 жылға арналған регламенттелген өндірістік күнтізбенің толтырылуы жаңартылды. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес регламенттелген өндірістік күнтізбеде:

  • Жаңа ұлттық мереке — Қазақстан Республикасы күні (25 қазан) белгіленді.
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан) мемлекеттік мерекесі алып тасталды.
  • 17 желтоқсан Тәуелсіздік күні ұлттық мерекесін тойлау күндерінің қатарынан алып тасталды. Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелер қатарына ауыстырылып, 16 желтоқсанда аталып өтеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылы демалыс күні қосымша 2022 жылғы 22 қазан, сенбіден 2022 жылғы 24 қазан, дүйсенбіге ауыстырылды.

Маңызды! Жалақыны есептемес бұрын регламенттелген өндірістік күнтізбені және қызметкерлердің жұмыс кестелерін тексеру қажет.

Жіктеуіштер

«Коды бюджетной классификации» (КБК) жіктеуіші 29.09.2022 жылғы жағдай бойынша өзектендірілді.
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (КАТО) 17.10.2022 жылғы жағдай бойынша өзектендірілді.
ҰБ қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 26.10.2022 жылғы жағдай бойынша өзектендірілді.

ЭСФ ақпараттық жүйесімен интеграция

Электрондық СНТ

ЭСФ АЖ жүйесінде ломбардтардың үшінші тұлғалардың мүлкі болып табылатын құрамында алтыны бар тауарды өткізу кезінде СНТ ресімдеуіне арналған жаңа функционал іске асырылды. СНТ жібергенде «В. Поставщик» бөлімінде «Залогодержатель/хранитель» санатын таңдауға болады, бұл ретте G бөлімінің кестелік бөлігінде ГСВС-тегі СЭҚ ТН коды бойынша «Золотосодержащая продукция» белгісі бар тауар болуы тиіс. Мұндай СНТ жібергенде көрсетілген санаттағы тауар үшін G17 өрісінің толтырылуы бақыланады. Осыған байланысты мынадай механизмдер іске асырылды:

  • СНТ құжатының В және С бөлімдеріне жеткізуші мен алушы үшін «Залогодержатель/хранитель» санаты қосылды;
  • «Первичная» және «Исправленная» түріндегі СНТ құжаттары үшін жаңа санатты тек В бөлімінде, жеткізуші үшін ғана таңдауға болатынын ішкі тексеру қосылды;
  • «На возврат товаров» түріндегі СНТ құжаттары үшін жаңа санатты тек С бөлімінде, алушы үшін ғана таңдауға болатынын ішкі тексеру қосылды.

Маңызды! Механизмнің толық сипаттамасымен конфигурация жаңартуы үлгілерін орнату каталогындағы AddDoc каталогында орналасқан құжаттамаға қосымшадан таныса аласыз.

Түзетілген қателер

  • Операция түрі «Ввоз товаров на территорию РК/7.3 Временный ввоз» болатын импортқа арналған шығыс СНТ құжатында «Проверить» батырмасы бойынша ішкі тексеру кезінде G бөлімінің кестелік бөлігінде тауар идентификаторы жоқ екені туралы қате шығатын.
  • Анықталған басқа да қателер мен ескертулер түзетілді.

Түзетілген қателер

«Бухгалтерия для Казахстана» конфигурациясының, 3.0 редакциясының ерекшеліктері

Есептің өзектілік күні

  • 3.0 редакциясында «Дата актуальности учета» механизміне қолдау көрсетілмейді.

«Операция (бухгалтерский и налоговый учет)» құжатындағы типтік операциялар

  • 3.0 редакциясында «Операция (бухгалтерский и налоговый учет)» құжатын толтыру кезінде қолданылатын типтік операцияларды қалыптастыру механизміне қолдау көрсетілмейді.

Регламенттелген есептілік

  • 3.0 редакциясында өткен кезеңдердің (2015 жылға дейінгі) регламенттелген есептілігін қалыптастыруға қолдау көрсетілмейді.

1С бойынша сұрақтарыңыз қалды ма?

Тегін кеңес береміз — есебіңізге сай бағдарламаны, баптауды немесе пысықтауды ұсынамыз.

+7 771 944-41-18Дс–Жм 9:00–18:00 · немесе WhatsApp-қа жазыңыз

Кеңес алу

немесе