Сипаттама
«1С:Управление холдингом 8 для Казахстана» қаржыны басқару функциялары толық немесе ішінара орталықтандырылған компаниялар тобына арналған. Мұндай топтардағы басқарушы компания мен бизнес-бірліктер әртүрлі салада жұмыс істеуі немесе әртүрлі IT-жүйелерді пайдалануы мүмкін. Конфигурация «1С:Консолидация 8 ПРОФ» және «Бухгалтерия для Казахстана» шешімдерінің жалғасы ретінде «1С:Предприятие» платформасының 8.3 нұсқасында әзірленген. Шешімде операциялық қызметті (сату, сатып алу, өндіріс) автоматтандыруға арналған артық функционал жоқ — басты назар басқарушы компаниялар мен қаржы қызметтерінің міндеттеріне аударылған.
Интеграция мүмкіндіктері
- «1С:Предприятие 8» платформасындағы жүйелермен тікелей қосылым арқылы үзіліссіз интеграция, сыртқы есеп жүйесінің құжатына дейін ашып көру;
- кез келген сыртқы есеп жүйелерімен веб-сервистер және ADO арқылы интеграция;
- компаниялар тобының эталондық және орталықтандырылған нормативтік-анықтамалық ақпаратын басқару;
- жұқа клиент пен веб-клиентке қоса — бюджеттеу және басқарушылық есептілікті талдау үшін Microsoft Excel-ге арналған add-on клиент;
- «1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана» тобындағы бағдарламалармен және 8.3 платформасындағы есеп конфигурацияларымен біріктіру мүмкіндігі.
Қолдану сценарийлері
- басқарушы компанияны кешенді автоматтандыру жүйесі;
- холдингтердің біріккен қызмет көрсету орталықтарында қаржыны басқаруды автоматтандыру, бірыңғай деректер өңдеу орталығындағы бірыңғай ақпараттық база;
- басқарушы компания мен еншілес ұйымдардың қаржысын басқаруға арналған корпоративтік бэк-офис үлгісі;
- есеп жүйелерінің үстінен «қондырма» ретінде жұмыс істейтін автономды CPM шешімі.
Бұл сценарийлерді бір ақпараттық базада үйлестіруге және базалық шешімді ауыстырмай, бір сценарийден екіншісіне көшуге болады.
ҚЕХС бойынша есеп және шоғырландыру
- ҚЕХС бойынша есептің екі моделі — транзакциялық және трансформациялық;
- ұлттық стандарттар бойынша қаржылық ақпаратты ҚЕХС шоттар жоспарына аудару;
- есеп саясаты әдетте ұлттық стандарттардан өзгеше болатын 14 параллель есеп объектісі: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, биологиялық активтер, алынған кредиттер мен қарыздар, лизинг, инвестициялар, дебиторлық берешек, кезеңді жабу және т.б.;
- жеке және шоғырландырылған есептілік пакеті мен оған ескертпелер; бұл функционал EY (Ernst & Young) компаниясының оң қорытындысын алған;
- топішілік операцияларды «әрқайсысы әрқайсысымен» режимінде салыстыру порталы, элиминациялық түзетулердің 5 стандартты нұсқасы бар салыстыру үлгісінің конструкторы.
Бюджеттеу және қазынашылық
- жіктеуіштерді, аналитиканы, көрсеткіштерді және бюджет модельдерін бизнес-пайдаланушының өзі анықтайды;
- «жылжымалы жоспарлау» және «қол жеткізілгеннен жоспарлау», «төменнен жоғары» және «жоғарыдан төмен» әдістемелерін үйлестіру;
- қаржылық жауапкершілік орталықтары, бюджеттерді кез келген күрделіліктегі маршрутпен келісу, нұсқаларды басқару, тәуелді бюджеттерді автоматты түрде қайта есептеу;
- «Жоспар» мен «Факт» арасындағы «Резерв» деректер қабаты және «Резервирование бюджета» құжаты;
- кірістер мен шығыстар бюджеті, ақша қаражаты қозғалысының бюджеті және ресурстар қозғалысының бюджеті бойынша лимиттеу;
- «төлем фабрикасы» тұжырымдамасына негізделген орталықтандырылған қазынашылық, шоғырландырылған төлем күнтізбесі, сценарийлік талдау, cash-pooling.
Инвестициялық жобалар, сатып алу және шарттар
- инвестициялық жобаның идеядан аяқталғанға дейінгі өмірлік циклі, кезеңдерді Microsoft Project-тен импорттау, Гант диаграммасы;
- тиімділік көрсеткіштерін автоматты есептеу (NPV, IRR, өтелу мерзімі, пайдалылық индексі және т.б.), «Stage-Gate» тұжырымдамасы, баламалы жобаларды салыстыру;
- орталықтандырылған сатып алу: қажеттілікті жинақтау, тендерлік рәсімдер, жеткізушілерді скорингтеу, «1C:ERP Управление предприятием для Казахстана» шешімімен интеграция;
- негізгі айналымнан тыс активтерді орталықтандырылған басқару;
- шарттарды маршрут бойынша келісу, есептеу және төлем кестелері, Incoterms 2014 шарттары, кепіл, сақтандыру, кепілдік шарттары мен банктік ковенанттар.
Регламенттелген есеп
Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу мен регламенттелген есептілікті дайындау үшін «Управление холдингом для Казахстана» құрамына кіріктірілген «Бухгалтерия для Казахстана» 3.0 конфигурациясы қолданылады.
Сатып алу шарттары
«1С:Управление холдингом 8» желісінің өнімдері тек «1С:Консалтинг» желісінің серіктестері, сондай-ақ «1С:Центр ERP» немесе «Кандидат в 1С:Центр ERP» мәртебесі бар серіктестер арқылы таратылады. Конфигурация мына өнімдердің құрамына кіреді:
- 1С:Управление холдингом 8 для Казахстана;
- 1С:Управление холдингом 8 для Казахстана. Лицензия для дочерних обществ и филиалов.
«1С:Предприятие 8» жүйесінің бағдарламалық өнімдеріне ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу (ИТС Казахстан) көрсетіледі.




