Сипаттама
«1С:Управление торговлей для Казахстана» — Қазақстан Республикасындағы сауда есебін жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленген, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған бағдарлама. Жеткізілімге «1С:Предприятие 8» технологиялық платформасы және «1С:Управление торговлей для Казахстана» конфигурациясы кіреді. Шешім сатуды, жеткізілімдерді, сату мен сатып алуды жоспарлауды, қойма қорларын, тапсырыстарды, контрагенттермен қарым-қатынасты, баға саясатын және сауда қызметінің тиімділігін талдауды қамтиды.
Нұсқалар
- Базовая версия — бағдарламада бір пайдаланушы жұмыс істейтін және типтік шешімді кәсіпорынның есеп ерекшелігіне қарай өзгерту қажет емес шағын кәсіпорынға арналған;
- ПРОФ — бағдарламада бірнеше пайдаланушы жұмыс істегенде, сондай-ақ типтік конфигурацияны нақты кәсіпорынның есеп ерекшелігіне қарай өзгерту қажет болғанда ұсынылады.
Өзара есеп айырысу және тауар есебі
- контрагенттермен өзара есеп айырысу шарттар, мәмілелер немесе есеп айырысу құжаттары бойынша жүргізіледі, қарыздар FIFO тәртібімен автоматты түрде жабылады;
- берешектің шекті мөлшері бақыланады: кредит лимиті асып кетсе, тауар босатылмайды;
- тауарлардың партиялық есебі, соның ішінде сериялық нөмірлер, жарамдылық мерзімдері мен сертификаттар бойынша;
- өзіндік құн FIFO, LIFO немесе орташа әдіспен есептеледі, партияның еркін сипаттамалары (түсі, өлшемі) қолдау табады;
- қасиеттер мен санаттар механизмі тауар айналымын кез келген бөліністе талдауға мүмкіндік береді.
Сату және тапсырыстар
- сатуды тауар түрлері мен топтары, сатып алушылар санаттары, бөлімшелер бойынша күннен жылға дейінгі кезеңге жоспарлау, бөлімшелер жоспарларын жиынтық жоспарға біріктіру;
- жоспар-факт талдауы, әртүрлі кезеңдерді салыстыру және маусымдық ауытқуларды анықтау;
- сатып алушылар тапсырыстарын тіркеу, қоймада және жеткізушілерге берілген тапсырыстарда автоматты резервтеу, төлем мен жеткізуді бақылау;
- бос қалдықтан, алдын ала резервтеумен, жеткізушіге берілген тапсырысқа орналастыру арқылы немесе «тапсырыс бойынша» жұмыс істеу;
- несиеге немесе толық не ішінара алдын ала төлеммен сату, комиссиялық сыйақыны автоматты есептеу;
- баға мен жеңілдіктерді қалыптастырудың түрлі схемалары, бөлшек бағаны қатаң бақылау, бәсекелестер бағасын талдау.
Сатып алу және қорлар
- сатып алуды жоспарлау және сатып алушылар тапсырысы негізінде жеткізушілерге тапсырыс беру, олардың орындалуын бақылау;
- жеткізушілер бағасының мониторингі;
- бірнеше қоймада, әртүрлі өлшем бірліктерімен (қаптамамен) жедел есеп;
- меншікті тауарларды, сатуға қабылданған және берілген, жауапты сақтауға алынған тауарларды және қайтарылатын ыдысты бөлек есепке алу;
- бөлімшелердің ішкі тапсырыстары;
- үстеме шығыстарды (тасымалдау, сақтау, баж, акциз) құнына, салмағына немесе санына қарай тауарлардың өзіндік құнына бөлу.
Талдау және басқару
- қорлар, тапсырыстар, сату және өзара есеп айырысу бойынша әмбебап есептер: бөлініс, топтау және іріктеу баптауларын сақтауға болады;
- мамандандырылған есептер: комиссионерлермен есеп айырысу, берешекті пайда болу мерзімі бойынша талдау, жедел тауар күнтізбесі;
- менеджерлер жұмысын байланыстар саны, орындалған тапсырыстар, сату және төлем сомасы, клиенттерді ұстап қалу коэффициенті бойынша бағалау;
- «Рапорт руководителя» — көрсеткіштер жиынтығы белгіленген кесте бойынша басшыларға электрондық поштамен автоматты түрде жіберіледі;
- CRM: клиенттердің байланыс ақпараты, алдағы байланыстар туралы еске салу, пошта бағдарламаларымен алмасу, ABC және XYZ талдау, қарым-қатынас тарихы.




