Сипаттама
«1С:Управление нашей фирмой для Казахстана» — өнім өндіретін, қызмет көрсететін, мердігерлік жұмыстар атқаратын және сауда жасайтын кәсіпорындарға арналған басқарушылық есеп бағдарламасы. Ол сатуды, сатып алуды, қойманы, өндірісті, ақшаны, персоналды және қаржылық нәтижені бір жүйеде біріктіріп, басшыға кәсіпорынның жай-күйін нақты уақытта көрсетеді.
Маркетинг және сату
- номенклатура, баға түрлері, прайс-парақтар, жеңілдіктер, үстеме бағалар мен дисконт карталары; бағаны баптауға болатын формулалар бойынша есептеу;
- сату жоспарлары (заттай және құндық түрде) және бөлімшелер, номенклатуралық топтар мен тауарлар бойынша жоспар-факт талдауы;
- клиенттер мен байланыс тұлғалары, шарттар, қоңыраулар, хаттар, кездесулер, пошта мен sms таратылымдары, қызметкерлердің жеке күнтізбесі;
- сатып алушылардың тапсырыстары, тапсырыс-наряд, тапсырыстарды жобаларға біріктіру, тиеп жөнелту кестесі;
- тапсырыстарды қоймадағы бос қалдықтарды резервтеу, жеткізушілерге немесе өндіріске тапсырыс беру арқылы қамтамасыз ету;
- қоймадан және тапсырыс бойынша сату, несиеге немесе алдын ала төлеммен тиеп жөнелту, комиссиялық сауда.
Бөлшек сауда
- автоматтандырылған және автоматтандырылмаған сауда нүктелерінде сандық-сомалық немесе сомалық есеп;
- сауда жабдығын қосу, заттаңбалар мен баға белгілерін басып шығару;
- «Кассир жұмыс орны» (РМК): чектерді жылдам ресімдеу, қайтарым беру, тауар қайтару және ауысымды жабу.
Сатып алу, қорлар және қойма
- жеткізушілер мен бәсекелестердің бағалары, жеткізушілерге тапсырыстар және олардың орындалуын бақылау, жеткізу кестелері;
- қорларға қажеттілікті есептеу, тапшылықты анықтау және толықтыру бойынша ұсыныстар;
- контрагенттен, есеп беретін тұлға арқылы, комиссияға және қайта өңдеуге қабылдау, қосымша шығыстарды есепке алу;
- бірнеше қойма, номенклатура сипаттамалары (түсі, өлшемі) мен партиялары, ұяшықтар бойынша есеп;
- орын ауыстыру, резервтеу, ордерлік схема, түгендеу және оның нәтижесін көрсету.
Жұмыстар, қызметтер және өндіріс
- жұмыстар мен өнімнің құрамы мен технологиясын спецификациялар арқылы сипаттау;
- өндіріске тапсырыстар мен тапсырыс-нарядтар арқылы жоспар-кесте құру және ресурстар жүктемесін жоспарлау;
- өндірістік бөлімшеде немесе қоймада (қаптау, жиынтықтау) өнім шығаруды тіркеу;
- кесімді нарядтар (жеке және бригадалық) мен жұмыс тапсырмалары, олардың орындалуы бойынша жалақы есептеу және тиімділікті бағалау;
- нақты шығындарды есепке алу, оларды бөлу және кезеңді жабу кезінде өзіндік құнды есептеу.
Шағын фирмалар үшін тапсырыс-нарядпен жұмыс істеудің қарапайым тәсілі бар: бұл құжат сатып алушы тапсырысының, төлем шотының, орындалған жұмыстар актісінің және шығыс жүкқұжатының қызметін біріктіреді.
Ақша, персонал және мүлік
- касса мен банк шоттарындағы ақша қозғалысы, эквайринг, есеп беретін тұлғалар, төлем күнтізбесі, «Клиент банка» жүйесімен интеграция;
- «Банк и касса» жұмыс орны — банк және касса құжаттарымен бір нысанда жұмыс істеу;
- кадр есебі (қоса атқарушыларды қоса алғанда), жұмыс уақытының табелі, басқарушылық жалақы есебі және төлем ведомостері;
- негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу, амортизация, сату және есептен шығару.
Регламенттелген жалақыны, сондай-ақ еңбекақы қорынан заңнамада белгіленген салықтар мен жарналарды «1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана» бағдарламасында есептеу ұсынылады.
Қаржы және басшыға арналған талдау
- басқарушылық шоттар жоспары, басқарушылық баланс, пайда мен залал есебі, ақша қозғалысы туралы есеп;
- кірістер мен шығыстарды есептеу әдісімен немесе есептеу және кассалық әдіспен қатар есепке алу;
- қаржылық жоспарлар: болжамды баланс, пайда мен залал бюджеті, ақша қозғалысы бюджеті;
- «Монитор руководителя»: ақша қалдықтары, дебиторлық және кредиторлық берешек (соның ішінде мерзімі өткен), пайда мен залал, сатып алушылар мен жеткізушілер алдындағы мерзімі өткен міндеттемелер;
- кез келген бөлініс бойынша баптауға және сақтауға болатын талдамалық есептер.
Интеграция және сервис
- «1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана» бағдарламасымен деректер алмасу (8.2 платформасындағы 2.0.14 нұсқасынан және 8.3 платформасындағы 3.0.1 нұсқасынан бастап);
- «Розница для Казахстана» конфигурациясымен екі жақты алмасу: орталық кеңседе — УНФ, дүкендерде — «Розница»;
- толық мәтінді іздеу, электрондық кестелерден деректерді жүктеу, мекенжай және банк жіктеуіштерін жүктеу.




