Адрестік қойма өнімді адрестік (ұяшықтық) сақтауды білдіреді: өнім әрқайсысының өз адресі бар белгілі бір ұяшықтарда орналасады.
«Управление торговлей для Казахстана», 3.4 ред. конфигурациясында тауарларды адрестік сақтау жүйесі автоматтандырылған: ол ең оңтайлы сақтау орындарын таңдауға және тауарды іздеуге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Тауар қалдықтарын ұяшықтар бойынша есепке алу қоймада тауарды қабылдау, тиеп жөнелту, артықтар мен кемістіктерді көрсету және түгендеу кезінде ордерлік схема қолданылғанда ғана мүмкін болатындықтан, қойма карточкасында ордерлік схеманы пайдалануға қатысты барлық баптау орнатылуы тиіс.
1-сурет. Адрестік қоймадағы ордерлік схема
Қойманың (қойма аумағының) жаңа элементін жазғаннан кейін нысанның навигация панелінде бірнеше жаңа команда пайда болады. Оларға кезекпен өтіп, тиісті объектілерді бірінен соң бірін қосу қажет.
2-сурет. Адрестік қойманың құрылымы
Жүйеде қойма аумақтары құрылымының түрлі нұсқаларын қолдануға болады. Қойма аумағы бір немесе бірнеше үй-жайдан (жеке қоймалардан) тұруы мүмкін. Қойма үй-жайларында тауарлар нақты сақтау адресі (секция, желі, стеллаж т.б.) анықталатын белгілі бір ұяшықтарда орналаса алады. Тауарлардың қойма ұяшықтарында орналасуы туралы ақпаратты тауарды жылдам табуға арналған анықтамалық ақпарат ретінде пайдалануға да, тауардың салмағы мен габаритін ескере отырып, нақты ұяшықтар бөлінісінде тауарлардың сандық есебін жүргізуге де болады.
Егер қойма үшін үй-жайларды пайдалану қосылған болса, сақтау тәртібі тұтас қойма үшін емес, қойманың үй-жайлары үшін беріледі. Бұл құрал бірнеше үй-жай тіркелген, бірақ адрестік сақтау олардың барлығында емес, кейбірінде ғана жүзеге асырылатын қойма құрылымын іске асыруға мүмкіндік береді.
3-сурет. Үй-жайларды пайдалану
Қойма үй-жайын құрғанда ұяшықтарды пайдаланудың «Использовать для хранения остатков номенклатуры» түрін көрсету, сондай-ақ жұмыс учаскелері пайдаланыла ма, жоқ па — соны нақтылау қажет. Жазғаннан кейін навигация панелінде бірқатар жаңа команда пайда болады.
4-сурет. Үй-жай құрған кездегі навигация панеліндегі командалар
Қойманы/үй-жайды жұмыс учаскелеріне дейін бөлшектеуге болады. Соның арқасында қажет болғанда қойма есебінің айтарлықтай күрделі схемаларын іске асыруға болады. Қойманың жұмыс учаскесіне бір типті жабдықпен (автотиегіш) немесе жабдықсыз («қолмен») өңделетін ұяшықтар жатады.
Адрестік қойма үшін ең алдымен тауарларды сақтау аймақтары құрылып, бапталады. Сақтау аймақтары тек тауарларды ұяшықтарда адрестік сақтау қарастырылған қоймалар мен үй-жайлар үшін ғана пайдаланылады. Қоймадағы (үй-жайдағы) ұяшықтар үшін «Использовать для хранения остатков номенклатуры» пайдалану нұсқасы орнатылуы тиіс. Әрбір сақтау аймағы үшін осы аймаққа жататын қойма ұяшықтарының тізімі анықталады. Сақтау аймағындағы ұяшықтар тек оқшауланған тауарларды немесе іріктеу мен орналастыру стратегияларына сәйкес кез келген тауарларды сақтау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Тауарларды сақтау аймағының баптауларын толтырғанда орнатылатын белгілер мен басымдықтарға назар аудару қажет:
-
«Ячейки используются для хранения обособленных товаров» белгісі нақты мақсатқа арналған тауарлар (оқшауланған қамтамасыз ету) орналасатын сақтау аймағы үшін орнатылады;
-
«Контролировать количество назначений в ячейках» белгісі «Отбор (размещение) товаров» құжаттарының өткізілуін бақылауға мүмкіндік береді. Аймақтардың көмегімен әртүрлі қаптамадағы әртүрлі тауарлар үшін түрлі орналастыру ережелерін іске асыруға болады;
-
сақтау аймағында көрсетілген басымдықтар туралы ақпарат осы сақтау аймағына жататын қойма ұяшықтары бойынша тауарларды автоматты түрде орналастыру және іріктеу алгоритмінің жұмысына әсер етеді. Бұл ретте тауарды қабылдау (орналастыру) және тауарларды тиеп жөнелту (іріктеу) кезінде түрлі стратегиялар (басымдық нұсқалары) қолданылады.
5-сурет. Тауарларды сақтау аймағын құру және баптау
Одан кейін «Помещение для адресного хранения» нысанының навигация панеліндегі «Складские ячейки» командасын пайдаланып, ұяшықтарды құруға көшуге болады. Адрестік қоймада міндетті түрде «Приемка» және «Отгрузка» зоналары болуы тиіс, ол үшін тиісті типтегі ұяшықтарды құру қажет, адрес ретінде ұяшық типін көрсетуге болады.
6-сурет. «Приемка» және «Отгрузка» ұяшықтарын құру
«Приемка» және «Отгрузка» ұяшықтарын құрғаннан кейін негізгі ұяшықтарды — деректерді сақтау ұяшықтарын құру қажет. Ол үшін «Генерация топологии склада» арнайы өңдеуі қарастырылған. Өңдеу «Склад и доставка» бөліміндегі «Сервис» тобында орналасқан.
7-сурет. «Генерация топологии склада» өңдеуі
Өңдеу ұяшықтарды көрсетілген орналасу бойынша («Секция», «Линия» т.б.) үй-жай, сақтау аймағы және ұяшық өлшемі мәндерін толтыра отырып құрады.
Өңдеудегі толтырылатын өрістердің бірі — «Типоразмер» өрісі: мұнда құрылатын ұяшықтардың өлшемі беріледі.
8-сурет. Ұяшықтардың типтік өлшемдері
«Генерация топологии склада» өңдеуін толтырудың соңғы кезеңі — ұяшықтарды адрестеу, яғни секциялардың, желілердің, стеллаждардың, ярустар мен позициялардың санын көрсету.
9-сурет. Адрестеу
Ұяшықтарды қалыптастыру үшін «Создать структуру» командасын орындау қажет. «Создать элементы справочника «Складские ячейки»?» деген жүйелік хабарлама шығады. Барлық өріс дұрыс толтырылған болса, хабарламаны растаңыз.
10-сурет. Қойма ұяшықтары
Ашылған күйде ұяшықтар құрылымы иерархиялық тізім түрінде беріледі.
11-сурет. Ұяшықтар құрылымы
Ұяшықтардың типтік өлшемдері туралы ақпаратты ұяшықтар құрылымын қалыптастыру кезінде де, қоймадағы ұяшықтар құрылымы қалыптасып болғаннан кейін де толтыруға болады. Егер ұяшықтар құрылымы құрылып қойған болса, ондағы деректерді жаңарту үшін «Обновлять существующие» жалаушасын орнатып, «Создать структуру» командасын орындау керек.
12-сурет. Бар ұяшықтарды жаңарту
Тауарды қабылдау кезінде автоматты түрде орналастыру және тиеп жөнелту кезінде автоматты түрде іріктеу үшін адрестік үй-жайға арналған тауарларды орналастыру ережелерін сипаттау қажет болады. Бұл ретте ережелерде үй-жай мен сақтау аймағынан бөлек «Складские группы номенклатур», «Наборы упаковок» және «Складские группы упаковок» сияқты бірқатар қосымша жіктеуіш пайдаланылады. Осы объектілерді анықтап, содан кейін құрылатын номенклатура мен қаптамаларды солар бойынша жіктеу қажет.
«Складские группы номенклатур», «Наборы упаковок» және «Складские группы упаковок» анықтамалықтары «НСИ и администрирование» – «НСИ» – «Классификаторы номенклатуры» бөлімінде орналасқан.
13-сурет. Номенклатура жіктеуіштері
Алдымен тиісті команданың көмегімен «Складские группы номенклатуры» анықтамалығы элементтерінің тізімі құрылады. Бұл анықтамалықтың әр элементі үшін тауардың қалай орналастырылатынына — кәдімгі тауар ретінде ме, әлде ыдыс (паллет) ретінде ме — қарай «Товар» немесе «Тара» номенклатура типі беріледі.
14-сурет. Номенклатураның қоймалық тобы
Одан кейін қоймалық қаптамалар құрылады. Анықтамалыққа тасымалдау немесе сақтау шарттары бірдей тауарлардың қажетті қаптама топтарының тізімі енгізіледі. Егер тауарларды өлшем бірлігіне қарай қойманың әртүрлі аймақтарына орналастыру жоспарланса, әр өлшем бірлігі үшін (паллет, қаптама, дана т.б.) қаптамалардың жеке қоймалық топтарын құру қажет болады.
15-сурет. Қаптамалардың қоймалық тобы
Егер бағдарламада тауар қалдықтарының есебі қойма ұяшықтары бөлінісінде жүргізілсе, тауар үшін қаптаманы көрсету міндетті. Бұл жағдайда әр қаптама үшін оның өлшемдері: салмағы, тереңдігі, ені, көлемі беріледі. Сонымен қатар анықтамалықта тауарларды қайта қаптау нұсқалары беріледі (мысалы, паллет 10 қораптан, қорап 10 данадан тұрады). Бұл деректер тауарларды қойма ұяшықтарына дұрыс орналастыру үшін қажет, сондықтан әрі қарай өлшем бірліктерін сипаттауға көшкен жөн. «Набор упаковок» жіктеуішінің элементін құрып, сақтау және есептер бірліктерін көрсету қажет.
16-сурет. Қаптамалар жиынтығын құру
Құрылған жиынтықты жазғаннан кейін «Упаковки» қойындысына өтіп, жаңа қаптама құру керек: оның бұрын құрылған қаптамалардың қоймалық тобына — «Упаковки и штуки» тобына жататынын көрсетіп, салмақ және габарит сипаттамаларын анықтау қажет.
17-сурет. Қаптама құру
Кейіннен номенклатураның жаңа элементін құрғанда элемент нысанында номенклатура жіктеуіштерінің бұрын құрылған барлық элементі көрсетіледі.
18-сурет. Номенклатура элементін құру
«Складская группа упаковок – Складская группа номенклатуры – Область хранения» тіркесімі «Правило размещения товаров» ережесін қалыптастырады: ол тауар жататын номенклатураның қай қоймалық тобын және тауар қаптамасы жататын қаптамалардың қай қоймалық тобын белгілі бір сақтау аймағына орналастыру керектігін анықтайды.
Тауарларды орналастыру ережелерін бұрын құрылған адрестік қойманың нысанынан навигация панеліндегі аттас команда арқылы да, «Склад и доставка» – «См. также» – «Правила размещения товаров» бөлімінде де беруге болады.
19-сурет. Тауарларды орналастыру ережесін құру
Егер тауарларды сақтау аймағында («Область хранения») сақтау қаптамамен емес, өлшем бірліктерімен жүзеге асырылса, «без упаковок» орналастыру режимін таңдау қажет.
Әр орналастыру ережесіне басымдық беріледі: мысалы, бұл бір сақтау аймағы немесе номенклатураның бір қоймалық тобы үшін бірнеше ереже болған жағдайда өзекті.
Осылайша, «Управление торговлей для Казахстана», 3.4 ред. конфигурациясы тауарлар есебін тек қоймалар бөлінісінде ғана емес, сонымен қатар қойма үй-жайлары, жұмыс учаскелері, тауарларды сақтау аймақтары бөлінісінде, қойма ұяшықтарына дейін нақтылай отырып жүргізуге мүмкіндік береді.





