Сипаттама
«1С:Предприятие 8. Комплект прикладных решений для Казахстана» бағдарламалық өнімі — бухгалтерлік, салықтық, жалақы есебін және сауда операцияларының есебін жүргізуі қажет ұйымдарды кешенді автоматтандыруға арналған бірегей ұсыныс.
«1С:Предприятие 8. Комплект прикладных решений для Казахстана» өнімінің құрамына мына шешімдер кіреді:
- Бухгалтерия для Казахстана — бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге арналған бағдарлама. Заңнамадағы өзекті өзгерістерге сәйкес есеп жүргізуге және есептілік тапсыруға мүмкіндік береді. Бухгалтердің жұмысын оңтайландырады. Коммерциялық қызметтің әртүрлі түрлерімен айналысатын ұйымдарға жарайды.
- Зарплата и Управление персоналом для Казахстана — жалақыны есептеуге және кадрлық құжат айналымын жүргізуге арналған бағдарлама. Оны бухгалтерлер мен персонал қызметтерінің қызметкерлері пайдаланады. Регламенттелген есеп еңбекақы төлеу және кадрлық есеп мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық нормаларға толық сәйкес жүргізіледі.
- Управление торговлей для Казахстана — сауда операцияларының есебін жүргізуге арналған бағдарламалық өнім. Бағдарламада жедел және басқарушылық есеп жүргізіледі. Сондай-ақ бағдарлама сауда операцияларын талдауға қызмет етеді.
- «1С:Предприятие 8» платформасының 5 жұмыс орнына арналған аппараттық қорғау кілті




