Сипаттама
1С:ИТС Казахстан ПРОФ — коммерциялық кәсіпорындарға арналған ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу шарты. Ол 1С:ИТС жаңартуларына, кеңестеріне және сервистеріне қолжетімділік береді, сондай-ақ бағдарламаларды тұрақты жаңарту бойынша серіктес қызметтерін қамтиды. «1С:Предприятие» ПРОФ нұсқаларын сүйемелдеу және оларды заңды түрде жаңарту тек қолданыстағы 1С:ИТС шарты болғанда ғана мүмкін.
ИТС ПРОФ құрамы
- «1С:Предприятие» платформасы мен типтік конфигурацияларын жаңарту: ақпараттық базаның күйін диагностикалау, мұрағаттық көшірме жасау, қосылған сервистердің жұмысын тексеру.
- Тарифке кіретін сервистердің мүмкіндіктерімен таныстыру.
- Телефон және электрондық пошта арқылы «1С» кеңес желісі.
- «Задать вопрос аудитору» («Отвечает аудитор» айдары): бухгалтерлік есеп, салық салу және кадр мәселелері бойынша аудиторлар мен сарапшылардың жауаптары.
- ҚР заңнамасы және есептің негізгі мәселелері бойынша әдістемелік материалдар.
- 1С бағдарламаларын баптау бойынша әдістемелік материалдар, әзірлеу мен әкімшілендіру бойынша ұсыныстар, «Советы Линии Консультации» анықтамалығы.
- 1С:Лекторий: «1С» фирмасы әдіскерлерінің заңнамадағы жаңалықтар және олардың 1С:Предприятие 8-де көрсетілуі туралы тұрақты онлайн-семинарлары.
- 1С:Линк: кеңседегі 1С базаларына кез келген жерден қауіпсіз қашықтан қолжетімділік, бағдарламадан «бір батырмамен» қосылады.
- 1С-Коннект: қолдаудың қажетті маманымен лезде байланысу.
- 1С:Облачный архив: 1С базаларын күтпеген жағдайлардан «бұлттық» қорғау.
- Бағдарламалар мен конфигурациялардың жаңартуларын алу үшін its.1c.kz және portal.1c.ru ресурстарына тәулік бойы қолжетімділік.
Шарт нұсқалары
- 12 айға. Кәдімгі жылдық шарт.
- 12 айға 8+4 схемасы бойынша. 1С бағдарламасын (негізгі жеткізілімді) жылдық ИТС шартымен бірге сатып алатындарға арналған жеңілдікті сүйемелдеу: 12 айдың 4 айы тегін беріледі.
ПРОФ шарты 1, 3 немесе 6 айға да жасалады, құнын айтып береміз. Шартты үзіліссіз ұзартқанда «1С» фирмасының адалдық бағдарламасы қолданылады: жеңілдік алдыңғы шарттың аяқталу күні мен ұзақтығына байланысты, оны Сіздің шартыңызға қарай есептейміз.
ПРОФ па, әлде ТЕХНО ма
1С:ИТС Казахстан ТЕХНО — ең аз тариф: жаңартулар, айына бір рет кеңес желісі және 1С-Коннект. Онда «Отвечает аудитор», 1С:Лекторий, 1С:Линк және 1С:Облачный архив жоқ. 1С-те бухгалтер жұмыс істесе және оған есеп бойынша кеңестер керек болса, ПРОФ-ты таңдаңыз.
Сүйемелдеу туралы толығырақ — 1С:ИТС Казахстан бетінде.

